info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шеберліктің шыңына жеткен компания

Жаңалықтар
02.11.2023

«CREATIV KZ» ЖК 2020 жылы Кенжебек Таңатов ашты. Бастапқыда үйде отырып тапсырыс қабылдап, сәнді бұйымдар өндіруден бастады. Бірте-бірте айналымды арттыра отырып, тапсырыстар саны артты, кәсіпкер 2021 жылы өз цехын ашуға шешім қабылдады.

Ағаш және ағаш өнімдерін өндірумен байланысты бизнестің бірқатар артықшылықтары бар:

1)     Экологиялық таза және құрамында зиянды токсиндер жоқ табиғи материалмен жұмыс істеу.

2)     Шикізат жақында, қымбат емес.

3)     Шексіз идеялар, дайын өнімдер.

Қазір қолдан жасалған өнімдер ерекше бағаланады. «CREATIV KZ» ЖК барлық өнімдерді жеке дизайнмен жасайды.

2022 жылы Кенжебек өнім түрлерін көбейтуге шешім қабылдады және несие алу үшін банкке жүгінді. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ 23%-бен қаржыландырды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Бұл несие кәсіпкер үшін кепілсіз болды.

Қазір «CREATIV KZ» ЖК: шежіре, қораптар, телефон тіректері, фото жақтаулар, тойбастар, сәндік қораптар және т.б. заттар шығарады. Бағалы ағаштан жасалған бұйымдар кез-келген интерьерге сән береді.

Петропавл қ, Жамбыл Жабаев к-сі, 71

Тел: +7 775 043 97 83

Инстаграм: @creativten