info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«JULDYZ Hotel» ЖШС мемлекеттік қолдаудың арқасында кеңеюде

Жаңалықтар
27.10.2023

Жетісу облысында туризм мен қонақ үй бизнесін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Қонақ үй бизнесі – болашағы зор және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі.

Елжас Ахметов ашқан «JULDYZ Hotel» ЖШС 2016 жылдан бері осы салада қызмет көрсетіп келеді. Компанияның Алматы қаласында «JULDYZ» атты 3 қонақ үйі бар. Алматы қаласындағы қонақ үйлердің қызметін жолға қойып, кәсіпкер қызметін кеңейтіп, Жетісу облысының Жаркент қаласында қонақ үй сатып алуды шешеді.

Жаркент – Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімшілік орталығы. Оның туристік әлеуеті зор. Өйткені жақын жерде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы орналасқан.

Қаржы алу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін жылына 7%-ға дейін төмендетті.

Сатып алған қонақ үй қаланың қақ ортасында жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асады, өте ыңғайлы жерде орналасқан.

Инстаграм: @juldyz_hotel

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Сульха Лутфуллин көшесі 8А

Телефон: +7 7474015447