info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскеменде кондитерлік өнімдер өндірісі

Жаңалықтар
30.10.2023

2020 жылы ерлі-зайыпты Дәурен мен Мәриямға басына ашытқымен печенье өндіру жайлы идея келді. Өйткені Шығыс Қазақстанда мұндай автоматтандырылған отандық өндіріс болмаған, ал осы өнімге сұраныс жоғары еді. Мұндай печеньелер шеттен әкелінетін. Пандемия кезінде (шекаралардың жабылуына байланысты) отандық азық-түлік өнімдеріне сұраныс күрт артты.

Компания осы мақсатын жүзеге асыру үшін «Forte Bank»-тен инвестиция мақсатында несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 14%-дық несиені кәсіпкер 6%-бен төлейді. Айырманы «Даму» Қоры бағдарлама аясында субсидиялайды.

Бұл қаражатқа үш бірдей пісіру пеші, үш бункерлі шөгу машинасы (ондай машина әлі күнге дейін жоқ). Ол ішіне салмасы бар екі түсті печенье шығара алады. Спринклер машинасын, сыртын тәттімен қаптау желісін сатып алды.

Қазір печенье фабрикасында жиырмадан астам адам жұмыс істейді. Печеньенің 31-ден астам түрі, ассортидің 7 түрі, десерттердің 16 түрі, кекстердің 6 түрі, пряник және сүтті торт шығаады. Фабрика өнімдері облыста ғана емес, Астана қаласында да «Өрнек cookies» атты брендпен сатылады.

Сонымен қатар, печеньенің басқа түрлерін өндіруді бастау да жоспарлануда. Өйткені Шығыс Қазақстанда мұндай жергілікті өндіріс жоқ. Осылайша, печенье фабрикасы елдегі импортты алмастыру бағдарламасына өз үлесін қосып жатыр. Бұл жаңа отандық азық-түліктің пайда болуына серпін болып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

+7 705 831 77 78

ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 187/11.