menu
Жабу

Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамыту

Жаңалықтар
03.11.2023

«СемАЗ» автоқұрастыру зауыты Семей қаласында 2006 жылы ашылды. Кәсіпорынның мақсаты Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті автокөліктер шығаруға мүмкіндік беретін және Қазақстан халқының және жақын елдердің бір бөлігінің қажеттілігін қамтамасыз ететін автокөлік өнеркәсібінің негізін қалау болды. «СемАЗ» ЖШС Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндірушісі. «СемАЗ» ЖШС автокөлік құрастыру зауыты «BELARUS» маркалы трактордың 9 моделін, сондай-ақ «SHACMAN» жүк автокөліктердің 2 моделін, автобустардың 7 моделі мен «DONGFENG» маркалы жүк автоқөлітерінің 2 моделін, «Урал» маркалы өтімділігі жоғары және арнайы мақсаттағы автокөліктердің 30 моделін, «GAZ» маркалы шағын тонналық және орташа тонналық жүк автокөліктерінің 35 моделдерін және «HINO» маркалы 4 моделін өндіруді игерді. 2022 жылы «JINMA» маркалы трактор мен «DONGFENG» маркалы астық тасығыштың жаңа моделін шығару игерілді. «СемАЗ» сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.

Қазір кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді, алдағы уақытта жұмыс орындарын ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі таңда кәсіпорынның еңбек қызметі отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай үлес қосуда, алайда зауыт ұжымы барлық саланы дамыту үшін әлі де көп жұмыстар атқарылатынын түсінеді.

2022 жылы «СемАз» ЖШС өнеркәсіптік базаны сатып алу үшін қарапайым заттар экономикасы бағдарламаның шеңберінде қарыз мақұлданды. «Bereke Bank» АҚ банк арқылы. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% -ды құрады, оның 7% -ын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты Даму қоры субсидиялайды.

Байланыс телефон: +7 (7222) 36-07-62

Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Би-Боранбай көш., 81

E-mail: info@semaz.kz