info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Жылы үйлер фабрикасы» ЖШС – жайлы және ыңғайлы тұрғын үй

Жаңалықтар
02.11.2023

«Жылы үйлер фабрикасы» ЖШС – энергия үнемдейтін тұрғын үй материалдарын инновациялық әдіспен өндіретін компания.

Өндірісте жылу оқшаулау жүйелерін құру үшін озық әдістер мен материалдарды пайдаланады. Қалың қабырғаларды, жылудан қорғайтын материалдарды және заманауи жылыту және ауа баптау жүйелерін пайдалану – үй жылыту және салқындату үшін энергия шығынын азайтуға көмектеседі. Модульді үйлер қысқа уақыт ішінде құрылыс салуға мүмкіндік береді. Өйткені көптеген компоненттер зауытта бір уақытта жасалады, бұл құрылыс алаңындағы жұмыс уақытын азайтады. Бұл үй иелеріне дайын тұрғын үйді тез алуға және құрылыс уақыты мен шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Зауытта әрбір бөліктің сапасын және құрылыс кезеңін бақылау жүйесі жұмыс істейді. Кәсіби мамандар әр кезеңде жоғары дәлдік пен құрылыс стандарттарын сақтауды қадағалайды.

«Жылы үйлер фабрикасы» ЖШС «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында несиенің пайызын 8%-ға дейін төмендетіп, Қордан 50% кепілдік алды.

Компания тұтынушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді, олардың тілегіне сай үй жасайды.

Қарағанды қ. Потанин к-сі

тел: +7 701 907 7080

Сайт https://tooftd.kz/

Инстраграм @teplydomkz