info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Буы басылмаған тағамдар

Жаңалықтар
01.11.2023

«Like» отбасылық мейрамханасы 2023 жылы есігін айқара ашты. Мейрамхана өзінің дәмді және түрлі фаст-фуд тағамдарымен танымал.

Мейрамхананың мәзірі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған, тапсырыс берген кезде даяшылардан дәмді тағамдар мен керекті сусындар бойынша кеңес сұрауға мүмкіндік бар. Мейрамхана мәзірінде фаст-фуд, ыстық тағамдар мен салаттардың үлкен таңдауы бар. Барлық тағамдар таза және халал өнімдерден дайындалады. Жайлы атмосферамен жарқын аспен сіздің түскі және кешкі асыңыз ұмытылмас. Қонақтарда достары мен жақындарының арасында мерекелер мен корпоративтік кештер өткізуге мүмкіндік бар. Бұған 14 орынға арналған жеке залы қарастырылған. Мейрамхананың артықшылығы - қол жетімді бағалар, үлкен сыйымдылық және жылдам жеткізу қызметі.

Жоспарын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жалыдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 60 ай мерзімге "Қазақстан Халық Банкі " АҚ-нан қажетті кредиттік қаражатты алды. Кредит бойынша мөлшерлеме 21% - құрады. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің 6% - төлейді, ал 15% - мемлекет субсидиялайды.

"Like" мейрамханасының командасы - өз ісінің нағыз кәсіпқойлары жас, жігерлі және шығармашылық адамдар.

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, № 42Б

Байланыс: +7 (702) 801 31 31, +7 (775) 764 34 36

Инстаграм: @ like_beyneu