info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Mega intellectual school

Жаңалықтар
02.11.2023

2020 жылы Көкшетау қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы «Mega intellectual school» атты жеке бастауыш мектебі ашылды. Жобаны «Mega intellectual» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Компанияның білім беру қызметіне лицензиясы, медициналық қызметке лицензиясы (медициналық пункт үшін), сондай-ақ барлық рұқсат актілері бар, сондай-ақ «Қаржы орталығы» АҚ-мен жан басына шаққандағы қаржыландыру шарты жасалған. Бастапқыда 2015 жылы менталды арифметика және робототехника саласында «Megaintellectual» тұлғаны дамыту орталығы ашылып, кейін халықаралық компаниялардың франшизалары сатып алынды. Атап айтқанда: түрік мега-менталды арифметикасы, Халықаралық робототехника клубы (Ресей), жылдам оқу және сапалы оқыту үшін интеллектті дамыту мектептері IQ007 (Ресей). Қазіргі уақытта кәсіпорынның негізгі қызметі - күндізгі бастауыш мектеп, сонымен қатар әлемдік стандарттарға және оқытудың озық формаларына сәйкес, қосымша білім берудің бірнеше бағыты.

«Mega intellectual» тұлғаны дамыту орталығының бес табысты жылының арқасында және де мектеп алдындағы ата-аналардың жеке Бастауыш мектепте оқуға деген жоғары сұранысына ие бола отырып, Орталық әкімшілігінің шешімімен 2020 жылы нөлдік сынып түлектерінен мектептің алғашқы екі сыныбы құрылды. «Mega intellectual» ЖШС білім беру қызметіне мемлекеттік лицензияны 2020 жылдың 1 қыркүйегінде алды. Енді бұл күн тек білім күні ғана емес, сонымен қатар «Mega intellectual school» туған күні. Бірінші жылы мектеп жалға алынған бөлмелерде орналасқан еді. Бірақ 2021 жылдың қыркүйегінен бастап, мектептің өз ғимараты бар. «Mega intellectual» ЖШС ғимаратын сатып алу үшін Сбербанктен несие алды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде қарызды қамтамасыз етуге және субсидиялауға кепілдік бере отырып, жобаны қолдады.

2022 жылдың жазында кәсіпорын Нұрбанкте корпустардың бірін жөндеуге және қайта жаңартуға, сондай-ақ жабдықтың бір бөлігін сатып алуға тағы бір қарыз алды. Сондай-ақ, бұл қарызды «Даму» Қоры 2021-2025 жылдарға арналған субсидиялау және кепілдік беру жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде субсидиялады.

«Mega intellectual school» - 1-ден 4-ге дейін сынып оқушыларына арналған мектеп. Оқушылар мұнда таңғы 8-ден кешкі 18-ге дейін толық оқу күнін өткізеді. Мектепте оқу сыныптары, информатика және STEM кабинеттері, қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, акт залы, кітапхана, демалыс аймақтары, асхана бар. Қызметкерлер құрамы толық қамтылған: жоғары және бірінші санатты оқытушылар жұмыс істейді.

Байланыс: +7 775 051 93 44

Мекен-жайы: Көкшетау, Есенберлин көшесі, 38.

Instagram: @megaintellectual_school