info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында кондитерлік өнімдерді өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
07.11.2023

Қайрат Ажмаханұлы Сметов биыл «Сметов» ЖК ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналыса бастады.

Ерлі-зайыпты Сметовтер мейрамхана, дәмхана мен жеке тапсырыс берушілер үшін кондитерлік өнімдер жасаумен айналысады. Сондай-ақ,ұннан басқа да көптеген тәттілер пісіреді.

2023 жылы Қайрат Сметов Тараз қаласының орталығынан кондитерлік цех ашу үшін ғимарат сатып алуды жоспарлады. Ол үшін «Даму» Қорының кепілдігі мен субсидия құралын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдаланды.

Осылайша, 2023 жылы ғимаратты сатып алуға қаражат алып, бизнес-жобасын сәтті жүзеге асырды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қонаев көшесі, 62 а.

Тел. +7747-224-89-03

Instagram: @anasym.kz