info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«AquaclubTomiris» – нәрестелердің суға сүйіспеншілігін оятады

Жаңалықтар
09.11.2023

Нәресте дүниеге келіп, қырқынан шыққан соң-ақ суға жүзуді үйретуге болатынын біреу білсе, біреу біле бермейді. Сәбидің суға деген сүйіспеншілігін ояту да оңай шаруа емес. Жүзу – баланың денсаулығы мен үйлесімді дамуының кепілі. Бұл бүкіл денені жаттықтырудың ең оңай жолы және дененің өсуі мен дамуына көмектеседі. Талдықорғанда 2021 жылы ашылған «AquaclubTomiris» – дәл осы қызметті сапалы ұсынатын орталық. Балалар бассейнінде сәбилерге де, балаларын күтетін ата-аналарға да барлық жағдай жасалған.

Бұл Талдықорған қаласында 3 айдан 7 жасқа дейінгі балалармен айналысатын жалғыз балалар бассейні болды. «AquaclubTomiris» орталығында ерекше балаларға арналған әдістеме және гидроореабилитация бар.

Бизнесті кеңейту мақсатында кәсіпкер Саят Әнуарбекұлы Мұхамеджанов «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%-ға дейін төмендетіліп, Қордың кепілдігі берілді.

Қаражатқа кәсіпкер 2 айдан 14 жасқа дейінгі балалар айналысатын 300 орындық жаңа үлкен бассейн ашуды жоспарлап отыр. Қазір бассейнде 4 білікті, даму ерекшеліктері бар балалармен жеткілікті тәжірибесі бар жаттықтырушы жұмыс істейді.

Инстраграм: @aqua_club_tomiris_tdk

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі 188

+7 777 014 11 60