info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Емінің нәтижесі мол орталық

Жаңалықтар
06.11.2023

«Диана Дерепаско Денсаулық студиясы» компаниясының басшысы Диана Дерепаско 2009 жылдан бастап остеопат мамандығы бойынша жеке кәсіпкер ретінде қызмет көрсетіп келеді. Алдымен Павлодар қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 169 мекенжайында орналасқан жалға алынған үй-жайда қызмет көрсетті. Білікті қызметкерлер жинады.

Орталықтың негізгі пациенттері ЗПР, ЗПРР, сал ауруы, АСД, аутизм және Даун синдромы бар балалар. Диана Дерепаско Денсаулық студиясы емінің нәтижелі екенін дәлелдеп, танымал болды. Пациенттердің оң пікірлері Instagram желісіндегі massage_osteopat_derepasko_pvl парақшасында жиі жарияланады.

«Диана Дерепаско оңалту орталығы» ЖШС көрсететін қызметтер: остеопат, хиропрактор, емдік дене шынықтыру, 2 айдан және одан жоғары массаж, бобат-терапия, АВА-терапия, логопед-дефектолог, бассейн, тұз шахтасы, балалар психологы.

2021 жылы жинақталған қаражатқа Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 139/1 үй мекенжайы бойынша жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жай сатып алды. 2022 жылы 3 қабатты аяқтап, жөндеу жұмыстарын бастады.

2023 жылы Диана Дерепаско «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Даму» Қорының қолдауының арқасында кәсіпкер қарызын жылына алты пайызбен ғана төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Даму Қорының қолдауымен орталық өз қызметін 2023 жылдың шілдесінде бастады.

Павлодар қ., Бектұров, 139/1,

Тел.: + 7 700 640 00 69

Instagram: @massage_osteopat_derepasko_pvl