info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Спорт – дені сау ұрпақ

Жаңалықтар
09.11.2023

Қызылордалық кәсіпкер Айтуар Әбдіқалықов ішкі істер органдарында жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Кейін спорт зал ашу үшін жинаған қаражатына жер учаскесін сатып алып, құрылыс бастады.

Ол ашқан «Aityar» компаниясы 2019 жылдан бастап «Банк ЦентрКредиттен» субсидия және кепілдік құралдарын қолдана отырып, «Даму» Қорының қолдауын бірнеше рет алды. Несие қаражатын әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері «Жамал Бозова» атындағы спорт мектебі мен «Ерсұлтан» спорт кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына және спорт құрал-жабдықтарын сатып алып, орнатуына жұмсады.

Қазір балаларға жекпе-жек өнерін, өзін-өзі қорғау дағдыларын үйрету үшін ашылған мектеп пен кешенде заманауи спорт жабдықтары толық. Спорт кешенінде оқу жаттығуларынан басқа дзюдо, каратэ, таэквондо және басқа да жекпе-жек түрлерінен қалалық, облыстық және республикалық жарыстар өткізіледі. Зал олимпиадалық стандарттарға сай болғандықтан, Қазақстанның барлық өңірлерінен балалар келеді.

Қазір мектеп пен кешенге 400-ден астам бала келеді. Олардың арасында спорт шеберіне үміткерлер мен республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар, ал білікті жаттықтырушылар балаларды жарысқа қатысуға дайындап жатыр.

Қызылорда қ-сы, Шукуров к-сі 98Е, Түркістан к-сі 32

+7-777-340-09-97