info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Қызылорда филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
31.10.2023

Пресс тур аясында «Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры А.А.Джилкайдаров журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

  •    кәсіпкерлердің несие сомасы 167,83млрд теңге болатын 5909 жобасы субсидияланып,

  • ·  кәсіпкерлердің 4133 жобасы «Даму» Қорынан 34,07млрд теңгелік кепілдік алған.        Мұндағы жалпы несие сомасы 68,23млрд теңгені құрайды. 

Оның ішінде жыл басынан бері:·     

  •    кәсіпкерлердің несие сомасы 20,03млрд теңге болатын 646 жобасы субсидияланып,

  • ·        кәсіпкерлердің 500 жобасы «Даму» Қорынан 12,58млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 6,6 млрд теңгені құрайды. 

1.jpeg

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды. 

1. ЖК «Шакенова» - «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында күрделі жөндеу жүргізе отырып, колледжді қайта жаңартуға және негізгі ғимаратқа қосымша құрылыс салуға бағытталған қаржыландыруды алды. Сонымен, жоба аясында колледждің жалпы пайдалы алаңы 1600 шаршы метрден 2500-ге дейін ұлғайды. Барлық үш қабаттың негізгі кіреберістеріне кеңейту жұмыстары жүргізіліп, зал кеңейтілді. Колледжде қосымша жиырмадан астам жаңа кабинеттер мен оқу кабинеттері салынып, жаңа конференц-зал ашылды. Оқу орнында қазір 17 мың кітап қоры бар кітапхана және электронды әдебиеттерге қолжетімді оқу залы бар. Мұнда бүгінде 100-ге жуық ұстаз еңбек етсе, 500-ге жуық студент түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. 

2. ЖК «Абай Даулет» – көпсалалы кәсіппен айналысады, яғни өсімдік шаруашылығымен, бау-бақша шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.

Өткен жылы жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында субсидиялау құралы арқылы Қор қолдауын бірнеше рет алып, кәсіпкер несиені жылдық 6% және 8% мөлшерінде пайыздық мөлшерлемемен төлейді. Кәсіпкер инвестициялық мақсаттарға, картопты қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алуға несие ресімдеп, "Kaz Fries"мұздатылған картоп өндіру зауытын іске қосты. 

3. «Центр Сана-Сезим» ЖШС – медициналық қызмет көрсетумен айналысады.

Кәсіпкер 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бірегей емдеу-сауықтыру бағдарламалары қолданылады. Сонымен қатар, бұл Қазақстандағы жұмыс әдісі науқастардың иммунитетін табиғи түрде қалпына келтіруге негізделген жалғыз клиника. 2022жылы "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ға жүгініп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «субсидиялау және кепілдік» құралдары арқылы жеке медициналық жабдықтары сатып алынды және жаңа ашылатын Q-Med жеке емханасын жабдықтау жүргізілді.