info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскеменде жүк тасымалы бойынша кезекті жоба қолдау алды

Жаңалықтар
10.11.2023

Иванов Алексей Викторович ашқан «Комфорт» ЖК 2011 жылдың наурыз айынан бері автокөлікпен ел ішінде және ТМД елдері (Ресей, Қытай, Өзбекстан) аумағында жүк тасымалдау қызметтерін көрсетіп келеді. Кәсіпкердің қолында DAF және Scania маркалы 7 трактор, сондай-ақ Kogel маркалы 7 жартылай тіркеме бар. Баланста жалпы ауданы 355,7 ш.м. гараж және жалпы ауданы 390,6 ш. м. жиһаз өндіретін цех тұр (бүгінгі күні цехтың жұмысы тоқтатылды). Штатта 7 адам жұмыс істейді. Кәсіпкердің өзі де рейске шығып тұрады. Негізінен тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, макулатура, жиһаз, тамақ өнімдері, үйге арналған тауарлар және ерекше сақтауды қажет етпейтін өзге де жүктер тасиды.

Компания «Банк ЦентрКредиттен» инвестиция үшін несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мөлшерлеме 21,75%-ды құрады. Оны кәсіпкер 8%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазір кәсіпкер жүк тасымалдау көлемін арттыру және өңірдегі бәсекелестікке төтеп беру үшін өзінің автопаркін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

+7 705 528 36 17

ШҚО, Шемонаиха қ., Достоевский к-сі, 2/2.