info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Көз – сезім мүшелерінің ішіндегі ең маңыздысы

Жаңалықтар
10.11.2023

Біздің өмірімізге әр түрлі технологиялар енді. Жұрт көзге салмақ салатын компьютер, смартфон сияқты құрылғыларды үнемі қолданады. Нәтижесінде көз өткірлігі төмендеп, тіпті түрлі аурулар көбейіп келеді. Б ұл мәселенің шешімін Мүмкіндігінше көзге ауыр ота жасайтын жағдайға жеткізбей, алдын алу және емдеу деңгейінде іздеу қажет.

Астана қаласында 2022 жылы құрылған «Санабиль» ЖШС көз орталығы қызметін ұсынады. Мұнда миопия, алысты көре алмау, амблиопия және гиперметропияны емдейді. Сондай-ақ, клиникада аппаратпен емдейтін балалар кабинеті жұмыс істейді. Аппараттық әдіс – аурудың дамуын тоқтатуға немесе айтарлықтай бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Көз бұлшықеттерін жаттықтыратын, қан айналымы мен лимфа ағынын жақсартатын, көз құрылымдарын нәрлендіретін, регенерацияны күшейтетін, құрысуларды кетіретін және көру өткірлігін жақсартатын әртүрлі сәулелену, толқындар мен тербелістерге әсер етеді.

Қызметін кеңейту үшін «Санабиль» ЖШС компаниясы «Нұрбанктен» несие алып, жекеменшік үй-жай сатып алды. «Даму» Қорының қолдауымен «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау құралын қолдана отырып қарыз мөлшерлемесін 6%-ға дейінгі төмендетті.

Instagram: @Centrzreniyaastana

+7 777 361 39 42

Астана қаласы, Ақмешіт көшесі, 11-үй.