info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тағамы дәмді және көңілді мекен

Жаңалықтар
14.11.2023

Бүгінде балаларға арналған ойын алаңдары бар отбасылық дәмханаларға сұраныс жоғары. Балаларға арналған мұндай орындар ата-аналары тыныш, алаңдамай бос уақыт өткізу үшін маңызды.

Айшуваков Аманбек Қожаниязұлы 2012 жылдан бері қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсетіп келеді.

Жұмыс істеп тұрған «Dara food» дәмханасын балалар алаңымен жабдықтау мақсатында кәсіпкер «Қазақстан Халық банкінен» , 30 000 000 теңге несиені 60 ай мерзімге 19%-бен алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында оны 6%-бен төлейді, ал қалған 13%-ын мемлекет субсидиялайды.

Қаражат ойын алаңын дайындап, монтаждауға, сондай-ақ дәмханаға жөңдеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Қазір онда түрлі сырғанақтар, батуттар, балаларға арналған лабиринттер орнатылды.

Маңғыстау обл., Жаңаөзен қ., Арай 2 ш.а., 4-43 ғимарат.

тел.: 8 (701) 2771350