info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматыда «Lemonadoff » компаниясы мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
14.11.2023

«Lemonadoff» компаниясы – бөтелкедегі алкогольсіз сусындар шығаратын Қазақстандағы ірі өндірушілердің бірі. ЖШС 2005 жылы құрылған. Қазір компания өнімдері республиканың барлық дерлік ірі қалаларында жақсы белгілі. SALUTE, FUNCTIONAL және LEMONADOFF сусындарын ірі супермаркеттерден де, шағын дүкендерден де табуға болады. «Слаш» бүкіл елдегі танымал кинотеатрларда, ал сусындар көптеген кафелерде, мейрамханаларда, фастфудтарда, супермаркеттерде және сыра дүкендерінде сатылады.

Lemonadoff жеміс сироптары еуропалық өндірушілердің қатаң санитарлық бақылауынан өткен шикізаттан жасалған. «Add SWEETY» сироптары ISO, HACCP, HALAL стандарттарына сай сертификатталған, сенімді швейцариялық серіктес – тағам ингредиенттерін өндірудегі әлемдік көшбасшы «Firmenich»-пен бірлесіп әзірленген. Компания өнімді Еуропа технологиясы бойынша, жоғары сапалы ингредиенттерден жасайды.

Lemonadoff сауда белгісі Еуразия континентінің 15 елінде тіркелген және Қазақстаннан тысқары жерлерде де жақсы танымал.

Компания «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры арқылы несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, кепілдік алды. Қаражат инвестиция мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

«Lemonadoff» ЖШС өңір экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде.

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Төретай к-сі,172 үйі

Сайт: info@limonad.kz

Инстаграм: @lemonadoff.kz

Байланыс телефондары : +7 (727) 327 07 07, +7 (727) 300 77 77