«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бизнесті қолдауға арналған www.bgov.kz бірыңғай порталын енгізгені туралы хабарлайды. Портал кәсіпкерлік субъектілерінің микро бизнестен ірі бизнеске дейінгі барлық санаттағы қаржылық қолдау алу процесін жеңілдету мақсатында әзірленді.
Вgov.kz порталы «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингі және оның «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstsan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ қоса алғандағы еншілес ұйымдары ұсынатын қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Бүгінгі күні портал қаржылық қолдаудың: кредит беру, субсидиялау, лизинг, сақтандыру, кепілдік беру және инвестициялау сияқты негізгі алты бағытын қамтиды.
Платформа кәсіпкерлерге бизнестің көлемі мен қызмет түріне байланысты қажетті қолдау құралын табуға, онлайн өтініш беруге және барлық кезеңдерде өтінімді қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.
«Bgov кәсіпкерлерге бір жерде өз бизнесіне сәйкес келетін қолдау құралын табуға көмектесуге арналған. Бұл бизнесмендердің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетеді және бизнеске қаржылық көмек көрсету процесінің ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «Батерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.