menu
Жабу

Сапалы өнім – компания табысының кепілі

Жаңалықтар
08.11.2023

Асқар Саппаевтың кәсіпкерлік қызметі 2010 жылы полиграфиялық қызмет көрсету бойынша «Эталон» ЖШС ашуынан басталды.

2012 жылы ол «EtalonTermoplast» ЖШС (Эталон Термопласт) компаниясын ашып, полистироль пенопласт өндірісімен айналысуға шешім қабылдады. Бүгінде күніне 50 метр текше метр өнім шығаратын қуатқа ие.

2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысу компанияға Атырау-Орал тас жолы бойындағы өндірістік базаны сатып алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сол кездегі Атырау облысы үшін жаңа өнім – сапалы, жеңіл монтаждалатын және ғимараттарды сәндеп қаптау үшін қолданылатын қасбет декорын шығаратын цех ашылды.

Компанияның тапсырысы бойынша өңірдің климатын ескере отырып, тозбайтын, төзімділігімен ерекшеленетін пенопластты арматуралау үшін арнайы шпаклевканың бірегей формуласы әзірленді.

Өндірістік базаны кеңейтер кезде компания «ForteBank»-тен 19%-бен несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 14%-ды құрады. Кәсіпкер қарызын 5%-бен төлейді.

«Мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысу компанияға өндірісті кеңейтуге және жұмыс орындарын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жаңа жобаларды сенімді түрде жоспарлап, іске асыра аламыз», - дейді компания жетекшісі Асқар Меңдіғалиұлы Саппаев.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Азаттық көшесі 72Б-16

Инстаграм: @etalontermoplast

Байланыс телефон: +7 7122 306 306, +7 701 965 18 94