info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Milk Project компаниясы табиғи сүт өнімдерін ұсынады

Жаңалықтар
15.11.2023

Milk Project – сүт өңдеумен және сүт өнімдерін қаптаумен айналысатын зауыт. Кәсіпорын 2009 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовое ауылында құрылды.

Негізгі қызмет түрі – сүтті консервілеуден басқа, өңдеу, ірімшік өндіру, тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру. Шығарылатын өнімдердің ассортименті: ультра пастерленген сүт, қаймақ, айран, йогурт, ашытылған сүт, сүзбе, май және т.б. кәсіпорын Ресей, Израиль, Швед өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен қамтылған. Кәсіпорынның нарықтағы артықшылықтарының бірі – шикізатты бактериядан тазарту және өнімдерді құмыраларға құюдың заманауи желісінің болуы. Жоғары сапалы шикізаттан жасалған өнім Ecolean ультра заманауи қаптамасына құйылады.

2022 жылы «Milk Project» ЖШС «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып, «Bereke Bank»-тен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жеңіл несие алды. Қаражат айналым қаражатын толықтыруға бағытталған. Бұған дейін компания «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолдау алған болатын.

Қазір «Milk Project» ЖШС – тәулігіне 30 мың литр сүт беретін өңдеу кешені. Зауытта таңғы 08-ден кешкі 24-ке дейін екі ауысымда жұмыс жүріп тұр. «Milk Project» ЖШС сүт өнімдерінің бірнеше брендтерін шығарады. Олардың әрқайсысы өзінің дәмі, сыртқы түрімен ерекшеленгенімен, үнемі жоғары сапада.

Телефон: +7 (71632) 3-46-03

Электрондық пошта: milkproject@mail.ru

Сайт: https://www.molokovsem.kz/

Instagram: @molokosadovoe