info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Шалқыма» – өнерлі өрендер тәрбиелейді

Жаңалықтар
16.11.2023

«Шалқыма» шығармашылық академиясын кәсіпкер Мақпал Айтқалиқызы Садықова 2015 жылы ашты. Мұнда балаларға кәсіби мамандар бейнелеу, драма өнері және музыка бойынша білім береді. Академияда балалар бидің барлық түрін, вокал, фортепиано, домбыра өнері бойынша да тәлім алады. Қазір үйірмеге 250 бала қатысады.

2022 жылы қызметін кеңейту үшін компания коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алды. «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы алған несиесін кәсіпкер «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялап, Қордың кепілдігін алды.

Мақпал Айтқалиқызы жетекшілік ететін «Шалқыма» шығармашылық академиясы» - халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Болашақта балалар қазақ ұлттық киімдерін тігуді үйренетін үйірме ашуды жоспарлап отыр.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Байқоңыров көшесі,17

+7‒777‒721‒20‒25

+7‒777‒247‒02‒35

+7‒777‒365‒03‒04

instagram: @muz_studio_shalkyma