info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Абай облысы филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
16.11.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді.

Пресс тур аясында «Абай облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Қасымова Айгүл Өмірзаққызы журналистерге нәтижелерді баяндады.

Абай облысы бойынша филиал құрылган кезден бастап облыста:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 47,9 млрд теңге болатын 781 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 642 жобасы «Даму» Қорынан 9,1 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 17,5 млрд теңгені құрайды.

Оның ішінде жыл басынан бері:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 21,2 млрд теңге болатын 324 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 220 жобасы «Даму» Қорынан 8,6 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 4 млрд теңгені құрайды.

photo_5381829622775271866_y.jpg

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

1.    «Мини-Центр Балғын» ЖШС

2022 жылы балалардың сал ауруы, аутизм, психикалық дамудың кешігуі, сөйлеп дамуының кешігуі деген диагнозы қойылған балаларды оңалтуға арналған «Балғын 2» шағын орталығының ашылуы өтті. Орталық ұсынатын оңалту процедуралары: толық күн болу, тамақтану, денеге түгел массаж, физиотерапия жаттығулары, дефектолог, логопед, психолог, музыка терапиясы, хореография, шығармашылық, әлеуметтік және күнделікті бағдарлау, еңбек терапиясы. Шағын орталыққа қажетті құрал-жабдықтар алу үшін «Даму» қорының қолдауымен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан несие берілді, кәсіпкер үшін несие мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды.

Жоба жетекшісі: Смагулова Айгерим Акрамовна.

Шағын орталық Семей қаласы, 35 ор., 24 үй мекенжайында орналасқан

 

2. ЖК «Жұманбек Мұхтар Наркенұлы».

Жұманбек Мұхтар Нәркенұлы – жас кәсіпкер, кәсіп құруға дем беруші – анасы – кондитер. Барлығы консерванттар мен қоспаларсыз, шын мәнінде табиғи азық-түліктен жасалатын торттар мен кондитерлік өнімдер шығаруды армандаудан басталды. Алғашында тапсырыстар үйде қабылданды. Уақыт өте келе адамдар таныстарымен бөлісе бастады, танымалдық барған сайын арта түсті. 2019 жылы жалға алынған витринасы бар шағын цех ашылды, содан кейін қажетті соманы жинап, мүлік сатып алынды.

«Сладкая жизнь» кондитерлік фабрикасының алғашқы орны 2021 жылы Семей қаласы, Жұмабаев көшесі, 60 мекенжайында есігін ашты. 3 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын таңғажайып десерттерімен қуантып келеді. Тұрақты тұтынушылар арасында торттар мен кондитерлік өнімдерден басқа, жаңа піскен бәліштерге, нандарға және басқа да кондитерлік өнімдерге сұраныс артты. Нәтижесінде «Сладкая жизнь» наубайханасының екінші орнын ашу туралы шешім қабылданды.

Наубайхананың қызметін ұйымдастыру үшін несие алынды. Несие «Jusan Bank» АҚ-дан Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында алынып, жылдық 19 пайызбен берілді, оның 13 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды, ал 6 пайызын Кәсіпкер төлейді.

Мұнда сіз жаңа піскен нан өнімдерін тамашалай аласыз. Компания өз өнімдерінің сапасын мұқият қадағалайды, тұтынушыларды жаңа өнімдермен қуантуға тырысады, сонымен қатар өнімдердің дәмін, дизайнын және презентациясын жақсартуға бырлык күштерін салады.

Жоба жетекшісі: Жұманбек Мұхтар Наркенұлы

Наубайхана Семей қ., Посмакова к-сі, 96 мекенжайында орналасқан.

 

3. ЖК «Косаева Сымбат Болатказыевна»

2016 жылы медицина университетінің магистратурасында оқып жүрген Сымбат Болатқазықызы Қосаева бизнес ашуды ойлай бастады. Жас кәсіпкер инвестор тарту арқылы бизнес ашқандардың түрлі бизнес конференцияларына қатысты. Ұзақ уақыт бойы оқып, бизнес жүргізу процестері мен ерекшеліктерін зерттеуді жалғастырды.

Таңдау спорт саласына түсті. Сымбат бала кезінен спортпен шұғылданады, жарыстарға қатысып, каратэден қара белбеу иегері атанған. Өз бизнесін ашқанға дейін кәсіпкер медицина университетінде кафедра меңгерушісі болып, әрі қарай резидентура бойынша деканның орынбасары болып жұмыс істеген. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан соң бизнес ашуға бел буды. Бірде ол «Levita» балет студиясымен танысып, осы студияның негізін қалаушылары өткізген кезекті конференцияға қатысты.

Көп ұзамай Levita франшизасын сатып алып, Семей қаласында 2022 жылдың қазан айында алғашқы студиясын ашты.

Levita - бутик-фитнес форматындағы халықаралық студиялар желісі. Қазір 19 елде және 157 қалада 389 студия жұмыс істеп тұр. Бұл жерде жасына, тобына және уақытына байланысы жоқ. Бір абонемент 5 түрлі бағытты қамтиды. Levita – бұл жай ғана студия емес, мұнда сіз жаңа жетістіктерге қуат алып, өзіңізге сенімді күшейтесіз. Алғашқы студия сәтті басталды, алғашқы айлардағы қиындықтарға қарамастан жарты жыл өткен соң танымал болып, жақсы табыс әкеле бастады.

2023 жылдың көктемінде кәсіпкер «Даму» қорына екінші «Levita» студиясын ашу үшін кеңес алу үшін келді. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға өтініш берді, онда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие мақұлданды. Пайыздық мөлшерлеме субсидиялау есебінен арзандап, кәсіпкер үшін 8%-ды құрады, сондай-ақ Қордың кепілдігі берілді.

7 705 271 02 27

Абай облысы, Семей қ., Абай көш 96; Семей қаласы, Б.Момышұлы көш, 21.

Инстаграм: @levita.ballet.semey