info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тәтті-дәмдінің бәрі осында

Жаңалықтар
17.11.2023

Айгүл Оразғалиева бала кезінен тамақ пісіргенді ұнатты. Көп балалы отбасы болғандықтан жиі және мол етіп ас дайындауға тура келетін. Дегенмен, қанша тағам рецептін білсе де торт пісіріп көрмеген. Ал қызы дүниеге келген соң Айгүлдің торт жасауға деген қызығушылығы оянды. Сәбиіне бір ай толғанда торт пісірмек болған Айгүл білім жетіспейтінін түсінді. Сол себеппен елордада шеберлік сабақтарына қатыса бастады. Нәтижесінде кондитер атанып 3 адамнан тұратын топтарға Павлодарда өзі сабақ өткізе бастады. Бүгінге дейін Айгүл 2500-ден астам адамды оқытты.

2017 жылы кәсіпкер өзінің 43 шаршы метрлік үй-жайын сатып алды. Ол шағын, бірақ жайлы студия шеберлік сабақтарын өткізуге арналған орынға айналды. Айгүл жұмысын жалғастыра отырып, елорданың жетекші кондитерлерінен білім мен тәжірибе жинады.

2021 жылы кәсіпкер өзінің кондитерлік өнімдерін қала тұрғындарына сататын бутик ашады.

2023 жылдың көктемінде Айгүл кондитерлік цех сатып алуға шешім қабылдады.

Арманын жүзеге асыру үшін кәсіпкер коммерциялық үй-жай сатып алу мақсатында «Банк ЦентрКредиттен» 20 000 000 теңге несиені 21,5%-бен алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында сегіз пайызды кәсіпкер төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидия.

Павлодар қаласы, ак. Бектұров көшесі, 56/4

+7 (705) 165 64 15