info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Таразда жаңа тіс емханасы ашылды

Жаңалықтар
20.11.2023

«Aesthetic dental clinic» ЖШС 2021 жылғы 23 қарашада тіркелген. Өз ісін ашқанға дейін Мұхамед-ата Давришов Тараз қаласындағы жергілікті клиникада тіс дәрігері болып жұмыс істеді. Тәжірибе жинап, тұрақты клиенттер пайда болғанда кәсіби маман өзінің тіс емдейтін кабинетін ашуға шешім қабылдады.

2021 жылы кәсіпкер үй-жайды жалға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тіс емханасына қажетті жабдық сатып алды. Қазір клиенттердің көбеюіне байланысты қосымша заманауи жабдықтар сатып алу қажет болды.

«Даму» Қорынан кеңес алған Мұхамед-ата Давришов несиеге өтінім беру үшін «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ға жүгінді. Банктің мақұлдауын алған соң жобаны «Даму» Қоры қолдады. Несиеге «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры кепілдік ұсынып, пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Тіс емханасы – медицинадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар-ауруларды емдеудегі табыстың негізгі факторларының бірі. Заманауи ғылымның озық технологиялары мен жаңа жетістіктерін игеретін және енгізетін клиникалар айтарлықтай бәсекелестік артықшылыққа ие. Бұл оларға прогрессивті емес бәсекелестермен салыстырғанда динамикалық дамуға және пациенттердің көп санын тартуға мүмкіндік береді.

Тараз, Қонаев көшесі, 10

Instagram: @aesthetic_dental_clinic

Моб.: +7747-665-40-50