info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Медисон-2008 ЖШС медициналық жабдықтар шығарады

Жаңалықтар
22.11.2023

Медисон-2008 ЖШС тарихы 1996 жылдан басталды. Компания медициналық жиһаз, жабдықтар және медициналық мақсаттағы формалар өндірумен айналысады. Компанияның басшысы – Шайкин Алексей Васильевич.

Медисон-2008 компаниясының Талдықорған қаласында қуатты өндірістік базасы бар, онда 50-ден астам білікті маман жұмыс істейді.

Шығаратын өнімдер қатарында: кереует, арба, диван, үстел, шкаф, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған шкафтар және т.б бар. Қазақстандағы медициналық жабдықтар өндірісі компанияға шығарылатын бұйымдардың сапасын бақылауға және медицинаның кез келген, тіпті күрделі нақты салаларына арналған құрылғыны таңдауға мүмкіндік береді.

Өз өндірісін одан әрі дамыту үшін компания мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Атап айтқанда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Нұр Банктен» алған несиесін ішінара субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер қарызын жылына 8%-бен төлейді.

Компания медициналық мекемелерді техникалық жабдықтау туралы ғана емес, сонымен қатар медициналық киім тігумен айналысатын қызметкерлерге жұмыс барысында ыңғайлы жағдай жасау туралы ойлайды.

Телефон: +7 7282 23-40-34

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ескелді би көшесі, 281

Сайт: www.medteh-tk.kz