info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Атырауда «Cyber house» компьютерлік клубы ашылды

Жаңалықтар
21.11.2023

Кәсіпкер Жәрдем Ашықбаев Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы университеттің құрылыс факультетін бітіргеннен кейін Атырау қаласындағы компанияның бірінде мамандығы бойынша жұмыс істей бастады.

Алған білімі мен компаниядағы жұмыс тәжірибесі оған алдағы уақытта өз бизнесімен айналысуға және Атырау қаласында компьютерлік клуб ашуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда компьютерлік клубтар жастарға ойын ойнап қана қоймай, сондай-ақ құжаттарды басып шығару немесе сканерлеу сияқты басқа да қызмет түрлерін ұсынады.

Компьютерлік клуб ашу жайлы өтінімді «Банк Центр Кредит» АҚ қолдап, 21,75%-бен несие мақұлдады. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мемлекет оның 13,75%-ын субсидиялады. 8% айырманы кәсіпкер төлейді.

«Біздің компьютерлік клубқа негізінен мобильді қосымшалармен ойнауға, чат-боттар жасауға мүдделі жас ұрпақ келеді, ал студенттер рефераттар, курстық және дипломдық жобалар дайындай алады. Аға буын негізінен онлайн байланысты қалайды және қажетті ақпаратты электрондық кітапханалардан табады», - дейді кәсіпкер Жәдем Ашықбаев.

Атырау қаласы, СМП-136, Қоғалы көшесі, 12

@cyber.house.atyrau

+7 701 086 68 66