menu
Жабу

Азық-түлік дүкені - тұрақты табыс көзі

Жаңалықтар
22.11.2023

Азық – түлік - әрдайым үздіксіз сұранысқа ие тауар, дағдарыс кезеңінде де бизнестің бұл түрі әрқашан тұрақты кәсіп болып қала береді және шағын азық түлік дүкеннің өзі тұрақты табыс көзі бола алады. Шағын азық-түлік дүкенін ашу идеясы көбінесе тиімді кәсіп ретінде пайда болады. Дәл осы идеямен кәсіпкер Құдайбергенова Гүлмира өз кәсібін 2008 жылы бастап, тұрғын үйдің ½ бөлігін азық-түлік дүкеніне айналдырды. Бұдан әрі ол жинаған қаражатына дүкенін жөндеп, аумағын ұлғайтты.

2022 жылы кәсіпкер «Даму» Қорының субсидия және кепілдік құралдарын пайдаланып «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау алды. Қарыз қаражаты құрылыс-монтаж жұмыстарына, сондай-ақ витрина тоңазытқыштары мен мұздатқыш сандықтарын сатып алуға жұмсалды.

Дүкен тұтынушыларды қолжетімді бағамен, әрдайым жаңа жеткізілген және сапалы тағам, сондай-ақ тұрмыстық химия өнімдерінің кең ассортиментімен қуантады. Дүкен жақсы жерде орналасқан, тек Маханбет ауылының тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы аудандарға да қызмет көрсетеді.

Қызылорда қ., Маханбет ауылы, Тоқтамысов к-сі, 4 үй

+77475852394