info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Жаңалықтар
28.11.2023

Орманға қылқан жапырақтылар көшетін отырғызу орманның өмірін ұзартады. Солтүстік Қазақстан облысында «АБД Орманы» ЖШС әзірлеген технология 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді.

Ұйымдастырушылар орман өмірін ұзарту жөніндегі идеясы бизнестің дамуына мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар экологияға барынша үлес қосатынын атап отыр. Кесілген ағаштың орнына қысқа мерзімде жаңасы өседі.

«АБД Орманы» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жұмыс істейді, 14,3 мың га орманы бар. Соколов орман шаруашылығының аумағы компанияның қызметі үші өте ыңғайлы. Ағаштарды қайта өңдеу кезінде компания бірден бірнеше өнім түрін шығарумен айналысады. Сондай-ақ, ЖШС жасайтын халық тұтынатын тауарлар қатарында – ағаш, тақтай, қоршау, кесінділер, балта, көмір, отын бар.

2017 жылы «АБД Орманы» ЖШС идеясы «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурста үздік болды. Идеяның мәні қарапайым: жапырақты орман қабаты астына балқарағай мен қарағай секілді қылқан жапырақтылар отырғызу арқылы орман шаруашылығының тиімділігін арттыру. Ашық жерлерде бұл ағаштар жақсы тамыр жаймайды, ал орман аумағында тіршілік ету деңгейі 100% құрайды.

Компанияда заманауи, автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталған 2 көмірсутекті цех бар. Орташа айлық өнімділік-240 тонна өнім.

2023 жылы ЖШС басшысы Қайыржан Сермұхамбетұлы өз қызметін кеңейтіп, көшет сатып алуға шешім қабылдады, несие алу үшін банкке жүгінді. Барлық қажетті құжаттар пакетін ұсына отырып, банк жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдады. Осылайша, «АБД Орманы» ЖШС «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіпкер 7% төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

СКО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Луговая көшесі, 44

Тел: +7 715 382 14 31, +7 715 382 21 55