info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскеменде «Оливье» ЖШС қолдау алды

Жаңалықтар
23.11.2023

«Оливье» ЖШС 2016 жылдың мамыр айында қоғамдық тамақтану қызметін көрсету үшін ашылды. Өскемен қаласындағы ғимаратта «Оливье» дәмхана-асханасы мен «Да Винчи» мейрамханасы жұмыс істейді.

«Оливье» дәмхана-асханасы – стильді интерьер мен заманауи тағам тарату желісінен тұратын, еуропа және орыс тағамдарын ұсынатын бірегей орын. «Оливье» дәмханасының жеке наубайханасы бар. 80 адамға дейін сыяды, 8.00-22.00 арасында жұмыс істейді. 50 адам жұмыспен қамтылған.

Компания «Қазақстан Халық Банкінен» инвестиция үшін 14%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер қарызын 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

+7 777 229 65 16

ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 64 НП2.