Су – тіршілік көзі. Ежелгі заманнан бері халық тек сулы жерге қоныс тебуге тырысып, өзендер мен көлдерге жақын жерлерді таңдаған. Өмір бойы адамдарға тамақ дайындау, шөлді қандыру және шомылу үшін су қажет болды. Қазір бүкіл әлем халқы салауатты өмір салтын ұстануға тырысатындықтан, адамдар қантты, газдалған сусындардың орнына қарапайым таза ауыз суды таңдайды.
«KERUEN АУЫЗ СУЫ» ЖШС 2018 жылы құрылды. Кәсіпорынның негізгі қызметі – газдалған және газдалмаған ауыз су өндіру. Кәсіпорын сағатына 1000 литр су шығара алады. Кәсіпорын өз әрқашан таза және пайдалы ауыз су жеткізеді.
Бұл жоспарын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» 19,5%-бен 60 ай мерзімге несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жалыдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазір оны 6%-бен төлейді, ал 13,5%-ын Қор субсидиялайды.
«KERUEN АУЫЗ СУЫ» – адамға қажетті микроэлементтерге бай, қуат беретін, дәмді су. Кәсіпорынның тазарту жүйесі судың барлық маңызды, пайдалы микроэлементтерін сақтайды. Өнімнің негізгі тұтынушылары Маңғыстау облысының тұрғындары мен шағын, орта және ірі бизнес өкілдері.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы, «Бірлік» тұрғын алқабы, 2 ө/а, 13
+7 (7292) 40 24 05, +7 (771) 570 13 35