info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ақтөбеде Ұлттық волейбол лигасының талаптарына сай келетін спорт зал ашылды

Жаңалықтар
27.11.2023

Ақтөбе қаласында «Alikhan» спорт залының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа зал волейбол, футзал және баскетбол ойындарын өткізуге арналған. Осы ойындардың ұлттық лига стандарттарына сәйкес келеді және барлық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Биіктігі 13 метрге жуық, амортизациясы бар жоғарғы сапалы паркет төселген, 300 адам сыяды.

Бұл – «Ақ-Руно» ЖШС жобасы. Осыған дейін де компания спорт саласында бірнеше жобаны жүзеге асырған. Атап айтқанда: жасанды жабын төселген 5 жабық футбол алаңы, паркет төселген футзал мен волейболға арналған 2 алаң, және «ALPHA GYM» фитнес орталығы. Фитнес орталығында жаттығу залы, кроссфит, күрес және бокс залдары, гимнастика мен хореография залдары бар.

Компания мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен балалар спортын жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс істейді және «Ақтөбе» волейбол клубын Ұлттық волейбол лигасы аясында жарыстарға дайындайды. Ақтөбе облысының ерлер командасы 2021 жылы Қазақстаннның волейбол бойынша жоғарғы лигасының жеңімпазы атанып, Ұлттық лигаға өтті. Команда құрамында тек жергілікті ойыншылар ойнайды.

Спорт зал ашу үшін компания «ForteBank»-тен 21%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 8%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

+7 707 680 51 07

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1-ғимарат

Инстаграмм: @fa_alikhan_