info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматыда « Royal Food» компаниясы мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
27.11.2023

«Royal Food» ЖШС Қазақстан нарығына дәмдеуіш, тез дайындалатын сорпа, желе, аспаздық қоспалар өндіріп, сатумен айналысатын ірі өндірушілердің бірі. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның өз өндірістік және қойма терминалдары бар.

Қазір дәмдеуіштердің ішкі нарығында сұраныс жоғары. Қазақстанда бұл өнімдерді тұтыну мәдениеті қалыптаса бастады. Елде бұған дейін ең танымал дәмдеуіш – қара бұрыш пен лавр жапырағы болғанымен, бүгінде мұндай тауарлардың әр түріне сұраныс артты.

Өнім ассортиментін кеңейту үшін «Даму» Қоры арқылы «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» аясында пайыздық мөлшерлеменің субсидиялау және кепілдік беру құралы бойынша қолдау алды. Несие қаражаты инвестиция мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

«Royal Food» ЖШС өңір экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ «Royal Food» ЖШС Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға да өз өнімдерін экспорттап отыр.

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Райымбек даңғылы к,193

Сайт: kz@royal-food.kz

Инстаграм : @_royal_food_kz

Байланыс телефондары : +7 (727) 233-65-65, 279-59-19