2019 жылы «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС базальт жыныстары негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар өндірісін іске қосты. Зауыт нарықта сұранысқа ие болатын, жылу оқшаулағыш материал – құрылыста шыны жүнді және көбік негізіндегі, өртке қауіпті материалдарды алмастыратын «MakWool» минералды мақтасын шығарады. Базальт негізіндегі жылу оқшаулаудың бұл түрі отқа төзімді, өнімді және қарапайым орнатылады. Базальт жыныстарының жанартау тасына негізделген минерал 1000 ºС дейін балқымады. Тас жүннен жасалған бұйым кеуекті болғандықтан жылу, дыбыс оқшаулау қасиеттіне ие. Тас жүнінің тесіктеріндегі қоршалған ауа жылу жібермейді, жылжымайды.
2019 жылдан бастап компания жылына 5000 тоннадан 34000 тоннаға өндіріс қуатын артырды. Оның сапасы импорт аналогтарынан еш кем түспейді. Минерал мақта Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия сияқты елдерге экспортталады.
Сұраныс жоғары болғандықтан «Макинск жылу оқшаулау зауытына» айналым капиталын толықтыру қажет болды. 2022 жылы кәсіпорын ол үшін «Bank RBK»-тен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.
Қазір «Макинск жылу оқшаулау зауыты» АҚ Қазақстандағы жылу оқшаулау материалдарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. «MakWool» өнімдері Gamma Meccanica заманауи Италия жабдығында шығады. Зауытта 170 адам жұмыс істейді.
Ақмола облысы, Макинск қ., Ш. Уәлиханов к-сі, 37.
+7 (777) 880-86-86
Пошта: sales@makwool.kz
Instagram: @mzt_makinsk
YouTube: @makwool9625