menu
Жабу

«Astana – Дизайн» полиграфиялық және жарнама индустриясы

Жаңалықтар
28.11.2023

Полиграфия мен жарнама индустриясының даму қарқыны – елдегі өндіріс саласының өсімін, халықтың әл-ауқатын көрсетеді. Қазақстандағы бұл нарықтың жай-күйі бірқатар факторларға байланысты.

«Astana-Дизайн» ЖК жетекшісі Бақаушина Монолита Жолдуовнаның айтуынша, «Нарық жарнама-полиграфия өнімдерінің сапасын арттырып, бояуын алуан қылып (мысалы, қара-ақ түске сұраныс жоқ), тиражды азайтып, қысқа уақыт ішінде жылдам басып шығаруды талап етеді. Қазір клиенттердің тапсырыс сипаты, күрделілігі, орындалу мерзімі өзгерді. Олар әдетте тек өзіне тән ерекше, әр алуан қылып, баспа жабдықтарын жылдам өзгертетіндей сұраныс қалдырады. Сол себепті полиграфистер бір күн ішінде әдеттегіден әлдеқайда көп тапсырыстар қабылдап, орындауға мәжбүр.

Қорытындылай келе, қалыптасқан экономикалық жағдай мен клиенттердің сұранысы полиграфиялық компаниялардан шығындарды оңтайландырып, қызметті әртараптандыруды, жарнама-полиграфия өнімдерінің жаңа түрлерін ұсынуды қажет етеді. Ол үшін жаңа технологиялар енгізуі қажет. Сондай-ақ, шығатын өнімнің эксклюзивтігі мен бәсекеге қабілетті бағасы да маңызды.

Қызмет аясыгн кеңейту үшін, атап айтқанда жабдықтар сатып алу мақсатында Монолита Жолдуовна «ЦентрКредит Банктен» 21%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды, сондай-ақ Қордың кепілдігі жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Осы жобаның негізгі мақсаты қызметтің жаңа түрін құру:

  •  деректерді түрлі қағаз, ПВХ және ПЭТпленкаларда, баннерлерде, маталарда, фрескаларда, тұсқағаздарда ультрофиалетпен жазу, табиғи былғары, металды кенеп, жіңішке пластик және т.б. сияқты дәстүрлі емес материалдармен:

  •  пленкадағы трафареті контурмен кесу;

  •  ұзақ мерзімге тақтайша, жапсырма, баннер, стендтер бұйымдарын жасау жоспарланған.

ҚР, БҚО, Орал қаласы, Н. Назарбаева 244/1

+7 (7112) 518-815

инстаграмм: @expo_uralsk