menu
Жабу

Сапалы дәрі-дәрмек шығаратын отандық компания

Жаңалықтар
21.11.2023

Жоғары сапалы дәрілік заттар өндіретін отандық «Abdi Ibrahim Global Pharm» компаниясы тамақ ауруы, қант диабеті, туберкулезді, кардиология, урология, психо-неврология, гастроэнтерология, дерматология, гинекология, эндокринология саласындағы және басқа да түрлі ауруларды емдеуге және алдын алуға арналған 120-дан астам дәрі-дәрмек ұсынады. 

«Abdi Ibrahim Global Pharm» компаниясының табыс тарихына 2012 жылы Қазақстан мен Түркия басшыларының қатысуымен өткен бизнес-форумда Қазақстанда жаңа фармацевтикалық зауыт салу жөніндегі келісім түрткі болды. 

Қазір бұл – 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған, жылына 1,5 миллиард дәрі/капсула шығаратын зауыт. «Abdi Ibrahim Global Pharm» фармацевтикалық препараттарды өндіруші ғана емес, елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін стратегиялық серіктес те болып отыр. Компания басты құндылық – қызметкерлер деген қағиданы ұстанады және үздік мамандарды тартуға баса назар аударады. Нәтижесінде жетістіктері де назардан тыс қалмай, көптеген беделді марапаттарға ие болды. 

Компанияның препараттары Қазақстан нарығында жақсы танымал. Танфлекс тамақ ауруына қарсы препараттар көшін бастап тұр және Қазақстан педиатрларының жиі таңдайтын бренді.

Ривоксар – ең жақсы дәрі-дәрмек ретінде IQVIA халықаралық зерттеу агенттігінің марапатын алды.

Лифта бренді 2022 жылы нарыққа сәтті шығып, қысқа уақыт ішінде ерлер денсаулығына қамқорлық жасау арқылы тұтынушының сеніміне ие болды.

Компания «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алдып, «Қарапайым заттар бағдарламасы» аясында «Даму» қорының қолдауына ие болды.

Қаражат фармацевтикалық препараттар өндіретін жабдықтар сатып алуға жұмсалды. 

Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ а/о, М. Түймебаев ауылы

+7 (727) 3561110

Пошта: info@aigp.kz