Директорлар кеңесі 2024-2033 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын, 2024-2028 жылдарға арналған орта мерзімді даму жоспарын және атқарушы орган мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштері мен олардың 2024 жылға арналған нысаналы мәндерінің картасын бекіту туралы корпоративтік шешімдерді егжей-тегжейлі қарап, қабылдады. Сонымен қатар, директорлар кеңесі Компанияның тәуекел-менеджментіне байланысты мәселелер блогын, оның ішінде тәуекелдер тізілімін, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, тәуекелдер картасын, тәуекелдердің негізгі индикаторларын және келесі жылға арналған тәуекел-тәбет мөлшерін бекіту мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ, талқылау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі туралы есепті бекітті және Қордағы ішкі аудитті ұйымдастыруға байланысты регламенттерге және басқа да мәселелерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді.