Смағұлова Әйгерім Акрамқызы «Путь добра» қоғамдық қорын ашып, «Балғын-2» балаларды оңалту орталығының негізін қалаған жан. Мүмкіндігі шектеулі бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін, барлық кедергі, шектеулерді еңсеру үшін жағдай жасау керек, қоғам өміріне дені сау адамдармен тең мүмкіндіктер беру қажет. Егер балаға ата-анасы жәй ғана қамқорлық жасауы тиіс болса, дамуында кемістігі бар баланың ата-анасы тәулігіне 24 сағат, екі есе көңіл бөлуге мәжбүр.
Әйгерім Акрамқызы ашқан шағын орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Сал ауруы, аутизм, даун синдромы бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Сауықтыру-абилитациялық процедуралар ұсынады. Мұнда балалар күні бойы болады, толық рационмен тамақтанады, тұла бойына түгел массаж жасатып, ЕДШ, АФК, дефектолог, логопед, психолог маманнан жеке сабақ алады, музыкамен терапия, хореография, шығармашылық, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, еңбек терапиясы жүреді.
Орталық мұнымен қатар заңгерлерді ата-аналарға мүгедектігі бар балалардың құқы мен оларға тиіс жеңілдіктер туралы кеңес беру үшін шақырып тұрады. Кәсіпкерлік бастағысы келген ата-аналар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тренингтер өткізеді, психологтармен кездесу ұйымдастырады.
2022 жылы компания инвестиция үшін «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайызын субсидиялап, Қордың кепілдігін пайдаланды.
«Даму» Қорының қолдауының арқасында орталық заманауи және тиімді тренажерлармен жабдықталды.
+7 777 189 10 12
Абай облысы, Семей қаласы, 35 орам, 24-үй
Инстаграм: @balgyn2_semey