2022 жылы құрылған «NAURYZ AGRO KZ» ЖШС қарқынды дамып келеді. Қысқа уақыт ішінде өз инкубаторы мен құс фабрикасын салып, іске қосты, қазір ет өңдеу цехының құрылысы жүріп жатыр. Компания сонымен қатар, жүгері мен сояны өз құстары үшін табиғи және қауіпсіз жем ретінде пайдаланып, өзі өсіреді.
Құс етінің құрамында жүгері мен соя өнімдерінің деңгейі жоғарылауы жоғары сапалы, дәмді ет алуға, жемшөп пен ветеринарияда антибиотик қолданудан толық бас тарту – бірегей өнім алуға мүмкіндік береді. Өнімдер HALAL және EAC стандарттарына толық сәйкес келеді.
«NAURYZ AGRO KZ» ЖШС өндірістің барлық кезеңінде сапаны қатаң бақылап, онлайн режимде өндірісті қашықтан бақылаа, басқарып, құстың инкубациясын, климатын, бордақылауын және белсенділігін тәулік бойы назарда ұстауға көмектесетін жаңа жабдықтарды ғана пайдаланады. Бұл тәсіл де өнім сапасы мен қауіпсіздігіне кепіл.
Компаниян қазір «Tamasha!» атты брендін Skif/Small/Spar/Galmart желілерінен, Arbuz. онлайн қызметі арқылы өткізіп жатыр. Сондай-ақ, Magnum Cash&Carry желісінде «Мясная лавка» сауда белгісімен ұсынылған.
Компанияның миссиясы – тұтынушыларға жоғары сапалы салқындатылған және мұздатылған тауық етін ұсына отырып, аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға айтарлықтай үлес қосу.
Етті құс өсіру бойынша қызметті кеңейтуге «Нұрбанк» АҚ несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, несиенің пайызын азайтты.
Тел.: +77072733333
Пошта: info@nauryz-agro.kz
Сайт: nauryz-agro.kz