info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жыл бойы жайқалған көк-сөк

Жаңалықтар
08.12.2023

«EcoGreen SK» ЖК 2021 жылы грант ұтып алып, жасыл желек өсіру ісін бастады. Жас кәсіпкер Ұлықбек Махкамбаев жылыжайда ақжелкен, аскөк, шпинат, жалбыз, қияр және т. б.көк-сөк пен көкөністер өсіреді:

Жасыл желек – дәрумен, минералдар мен антиоксиданттардың кені. Маңызды элементтердің арасында майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың ыдырауына көмектесетін ферменттер де бар. Әр тағамға көк-сөк қосу арқылы сіз асқазан-ішек жолыңызға тағамды тезірек және жақсы сіңіруге көмектесесіз. Сонымен қатар, оның құрамында ішек микрофлорасын қолдайтын және ас қорытуды қалыпқа келтіретін пайдалы талшық бар.

«EcoGreen SK» ЖК жылыжайларда жасыл желектің көп түрі өседі. Мұнда жылдың кез келген уақытында оңтайлы жағдай бар. Қолайсыз ауа-райынан қорғайды және өнімділікті арттырады.

2023 жылы кәсіпкер жыл бойы істейін жылыжай салуға шешім қабылдады. Алайда, бұл үшін қосымша қаржы керек еді. Ол «Банк ЦентрКредиттен» 23%-бен несие алып, «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны 6%-бен төлейді, айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ бағдарлама аясында «Даму» Қоры несие сомасының 15,5%-ына кепілдік берді.

«EcoGreen SK» ЖК өз клиенттеріне жаңа және сапалы жасыл желек ұсынып, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосып жатыр.

СҚО, Қызылжар ауданы, Бәйтерек ауылы.

+7 708 224 43 37 Махкамбаев Ұлықбек