info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Спортта мықты болуға «OLD SCHOOL» компаниясы көмектеседі

Жаңалықтар
29.11.2023

Бокс — өнер, қалғанының бәрі спорт! Петр Квятковский.

Осы сөздің авторымен біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мирас Жарқынұлы Рсалдин де келіседі.

Мирас Жарқынұлы бокстан спорт шеберіне кандидаттың құрметті спорттық разрядына ие, Қазақстан және Азия чемпионаттарындағы спорттық іс-шаралардың жеңімпазы.

2021 жылдан бастап «OLD SCHOOL» компаниясының кәсіпкерлік қызметі басталды. Жер учаскесі бар дүкен сатып алынған соң, жасөспірімдер мен ересектерге арналған бокс мектебін жаңартты.

«OLD SCHOOL» бокс клубы – дарынды боксшылар, кәсіби жаттықтырушылар (спорт шеберлері) жағынан Ұлытау облысындағы көшбасшыларының бірі. Клубтың ауданы – 253 шаршы метрді құрайды, интерьері батыс стилінде жасалған.

Спорт саласындағы қызметін кеңейте отырып, компания жабық шағын-футбол алаңын салуға шешім қабылдады.

Футбол алаңының құрылысын аяқтау үшін 2022 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры қолдап, мөлшерлемені 6%-ға дейін түсірді.
Футбол – ең көп таралған командалық спорт түрі. «OLD SCHOOL» – Жезқазған қаласы, Гоголь көшесі, 12 «А» мекенжайында командаларды ойындарға және мачтарға шақырады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ.

Тел: +7‒771‒528‒27‒23