Мектепке дейінгі білім беру – барлық білім беру жүйесінің іргетасы. Бала дамуының сипатын айқындайды, тұлға ретіндегі негіз осы жерде қаланады. Балабақшаға барған балалар білім берудің барлық кезеңінде оқу материалдарын жақсы меңгереді және жалпы алғанда өмірде анағұрлым табысты болатыны талай дәлелденген.
Биыл Атырауда қараша айында «Дарын», «Ақбота», «Береке» атты үш бірдей балабақша ашылды. Олардың әрқайсына 290 бала сыяды. Бұл жас ата-аналарға балаларының сенімді жерде екенін біліп, өз еңбек міндеттерін кедергісіз атқаруға мүмкіндік береді.
Атырау қаласында мектепке дейінгі тоғыз мекеме құрылысын салған «Serpin-2030» компаниясының жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдап, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жылына 15% пайыздық мөлшерлеменің 9%-ын субсидиялады. 6% айырманы кәсіпкер төлейді.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған үш балабақша заманауи жабдықталған, онда ойын бөлмелері, жатын бөлмелер, асханалар, тәрбиешілер, логопед, психолог кабинеттері жұмыс істеп тұр. 12 үлкен және шағын топтарға бөлінеді.
Әр балабақшада 26 қызметкер жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 1740 балаға арналған қалған алты балабақшаны ашу жоспарда бар.
Атырау қаласы.
«Дарын» балабақшасы – Әбілқайыр хан, 75
«Жанбота» балабақшасы – Сұлтан Бейбарыс, 485
«Береке» балабақшасы – «Береке» шағын ауданы