menu
Жабу

Dolce – медициналық бұйымдар өндіруші отандық компания

Жаңалықтар
14.12.2023

Отандық Dolce өндірістік компаниясы Dolce PHARM брендімен 25 жылдан бері медициналық мақсаттағы бұйымдар шығарып келеді. Маска, қолғап, гинекологиялық айна, халат, хирургтар киетін және тұтынатын жиынтықтар және т.б. өндірісіндегі көшбасшы. Компанияның сапа және сәйкестік сертификаты, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 200-ден астам өнім атауы бар.

Dolce зауытыда әлемдегі ең озық елдердің заманауи, жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған. Бұл тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар өзге елдер нарығына да арнап өте жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания тауарларын Ресейге, Түрікменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға экспорттайды. Болашақта Еуропа, Африка және Азия елдеріне шығару жоспарлануда.

Биыл компания «Bank RBK»-тен несие алып, «Даму» Қорының қолдауымен мөлшерлемесін 6%- етіп жеңілдетіп алды.

Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, әл-Фараби көшесі, 1

Сайт: www.dolcepharm.kz

Тел.: 8 (727) 2719808