menu
Жабу

«Даму» Қоры GIP-ке қол қоюшылар қатарына енді

Жаңалықтар
04.12.2023

123.png

«Даму» Қоры Green Investment principles for Belt and Road бастамасына қол қоюшылар қатарына кірді. 

Бүгін Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан БҰҰ-ның Климат өзгеруі туралы шекті конвенция (SOR28) тараптарының 28-і конференциясы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Орталық Азиядағы Belt and Road үшін Green Investment Principles-ке қосылды. Бұл жасыл инвестициялар клубы жалпы активі 42 трлн АҚШ доллары болатын 17 елдің 46 жаһандық институтының басын біріктіреді. 

Қор төрайымы Гаухар Бурибаева ұйымға қосылуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Green Investment Principles компаниясының тең төрағасы Ма Джун «Даму» Қорына қызығушылығы мен мүшелігі үшін алғыс айтты. Қор тұрақты дамуды белсенді насихаттап, Қазақстанның жасыл экономикасының дамуына үлес қосқан ірі қаржы ұйымы екенін де ескере кету керек. 

GIP-ке мүше болу жасыл жобаларға қажет капиталға қол жеткізуге мүмкіндік ашып, әлемдік қаржы институттарымен диалогты қолдайды және ақысыз құралдар береді. Атап айтқанда: климаттық және экологиялық рисктерді бағалауға арналған материалдар, зерттеулер, талдаулар және құралдар ұсынады. GIP іс-шараларына жыл сайынғы ауқымды отырыстар мен жұмыс топтарының жиналысы кіреді. 

Сондай-ақ, әлемдік көшбасшылар қатысқан СОР 28-де тұрақты даму және климаттық тұрақтылық мәселелері басты назарда болды. «Даму» Қоры басшысы сондай-ақ «Тұрақты даму мен климат тұрақтылығына инвестициялар» сессиясында сөз алып, Қазақстандағы кәсіпкерлердің «жасыл» жобаларын қаржыландырудағы Қордың рөлін паш етті. Қор өз қызметінде көшбасшылыққа ұмтыла отырып, әлемдегі климаттық трендтерге белсенді ден қоятынын атап өтті.