Жүк тасымалы – қызмет көрсетудегі ең танымал сала. Қазір көптеген компаниялар мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен осы бағытта бизнесін дамытып жатыр.
«Progress Trans Logistics» ЖШС директоры және құрылтайшысы Елшібеков Нұржан Әуесбекұлы 2020 жылдан бері автомобильмен жүк тасымалдау қызметінде. Оның клиенттері қатарында Жамбыл облысының халқы, сондай-ақ өндіріспен айналысатын және тауарды жеткізу үшін жүк көлігін қажет ететін компаниялар бар.
2023 жылы Нұржан Елшібеков көлік паркін жаңартуды жоспарлап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Егжей-тегжейлі кеңес алғаннан кейін кәсіпкер құжаттарын жинап, «Даму» Қорының кепілдігімен «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдете алды.
Қаражатқа кәсіпкер тағы 2 жүк көлігін сатып алды.
Тараз қаласы, Санырақ батыр көшесі, 41 үй
+7705-797-74-15