Арман Әлжанов – алты жыл стоматолог-дәрігер болып жұмыс істеген, Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан медициналық университетін бітірген. Дәрігер ретінде сүйікті ісімен айналысу, осы бағытта өзі кәсіп ашып, өз мүмкіндігін бизнеске айналдыру оның көптен бергі арманы еді. Осылайша, 2021 жылы ол өзінің стоматологиялық клиникасын ашуға шешім қабылдады.
Алғашқы кезде ол қазіргі стоматология кабинетін жалға алып жұмыс істеді. Бірақ уақыт өте келе барлық кедергілерді жеңіп, өз ғимаратын сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп және қажетті медициналық жабдықтарын сатып алды.
Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында қолдау тауып, 14,5 пайыздық пайыздық мөлшерлеменің 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды. «ForteBank» АҚ банктік агент ретінде әрекет етті.
Осылай, Қызылорда қаласының орталығындағы халыққа ыңғайлы жерден «А Dental Clinic» атты жаңа стоматологиялық клиника ашылды. «Кәсіпкер үшін ең маңыздысы – өзінің кәсіби тәжірибесін, білімі мен қабілетін табыс көзіне айналдыру», - дейді Арман Әбілжанов.
Кәсіпкердің жұмыс тәжірибесі, сапалы қызмет көрсету және мамандардың жоғары кәсіби деңгейі ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге және стоматологияны дамытуға ықпал етеді деп үміттенеміз.
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, 18
Инстаграм: @a_dental_clinic_