menu
Жабу

«Даму» Қоры Ақтөбе филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген пресс туры

Жаңалықтар
05.12.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Байдаулетова Айнагуль Еркенновна журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 244 млрд. теңге болатын 7 239 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 5 747 жобасы «Даму» Қорынан 64,4 млрд теңгелік кепілдік алған.

 

Оның ішінде, ағымдағы жылы 01.11.2023 ж. жағдай бойынша қолдау алынды:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 38,2 млрд теңге болатын 686 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 573 жобасы «Даму» Қорынан 9 млрд теңгелік кепілдік алған. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды. 

Ақпарат:                                                                                           

1.        «Акватория-Ақтөбе» ЖШС – өнеркәсіп пен коммуналдық шаруашылықтағы мәселелердің кешенді шешімін ұсынатын компания. Негізгі қызмет түрі – заманауи сорғы станцияларын, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін, блоктық-модульдік жүйелерді, модульдік су жылыту қазандықтарын, энергия ресурстарын есепке алу жүйелерін, АКВА басқару шкафтарын шығару.    

19 жылдан астам тәжірибе, жоғары технологиялық база, жетекші салалық сарапшылардың білімі және стандартты шешімдердің жинақталған портфолиосы кез келген күрделі жобаны жүзеге асыру мүмкіндік береді. Қазір «Акватория-Ақтөбе» ЖШС-де 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді, оның 46-сы инженерлік-техникалық мамандар. Бизнес жүргізу үшін құрылысты жобалауға, құрылысқа, оның ішінде монтаждау және іске қосу жұмыстарына лицензиялар бар.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 21%-бен алған несие қаражаты айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында оны кәсіпкер 7%-бен төлейді, айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды. 

Кәсіпорынның мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 312 даңғылы, бөлімше ғимараты, 20А.

 Тел.: + 7 701 924 51 36

 

2.    «Иркиналинова Зауреш Енсегеновна» ЖК – «Ваниль» сауда белгісімен кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. Кәсіпорын азық-түлік өнімдерін (торттар, кондитерлік өнімдер, печенье, кондитерлік өнімдер), сонымен қатар қолдан жасалған тәттілер мен шоколадтарды шығарады. Өндіріс көлемін сақтау үшін компанияда толық логистика және жалдамалы жұмысшылар штаты бар.

Компания мамандары кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Осы мақсатта компания басшылығы Ресей мен Қазақстанның жетекші халықаралық кондитерлерін шеберлік сабақ өткізуге жиі шақырып тұрады.

«First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы 21,75%-бен алған несие қаражаты аспаздық өндіріс цехын күрделі жөндеуден өткізіп, айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында оны 5%-бен кәсіпкер төлейді, айырманы «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ Қор несие сомасының 40 %-ына кепілдік берді. 

Кәсіпорынның мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Заводская көшесі, 33.

Тел.: + 7 701 745 75 93

 

3. Жеке кәсіпкер «Ұзақпаев Айтжан Мажитұлы» – 2017 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Бизнестің бағыты «Ай-Зере» брендімен тұрмыстық губкалар шығару болды. Кәсіпкер ассортиментінің негізгі өнімдері – ыдыстар мен үй-жайларды жууға арналған губкалар, вискозды майлықтар мен жөкелер.

Бүгінгі таңда «Ұзақпаев Айтжан Мәжитұлы» ЖЕ 10-нан астам жұмыс орнын ашты. Кәсіпорында тиімді өндіріс үшін маңызды болып саналатын толыққанды конвейерлік жүйе бар.

Несие қаражаты өндірістік құрал-жабдықты сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы 21%-бен алған несие қаражаты аспаздық өндіріс цехын күрделі жөндеуден өткізіп, айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында оны 5%-бен кәсіпкер төлейді, айырманы «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ Қор несие сомасының 7 %-ына кепілдік берді. 

Кәсіпорынның мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, 41 жол айрығы, 544 ғимарат.

Тел.: +7 705 225 09 70