info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Baby mall pvl» ЖК. Бар жақсы балаларға

Жаңалықтар
06.12.2023

Кайл Татьяна Валерьевна – бизнесін алты жыл бұрын бастаған.

Бухгалтер мамандығы бойынша білім алған ол күндердің бір күнінде қызмет саласын түбегейлі өзгертуге шешім қабылдады. Көп ойланбай балалар киімін сататын дүкен ашты, тіпті өз брендінің негізін қалады.

«Baby mall pvl» ЖК 2018 жылы тіркелді.

«Baby mall pvl» қазір балаларға арналған төсек-орын жабдықтарын, комбинезон, киімдер, перзентханадан шығаруға арналған жиынтықтардың түр түрін тігеді. Бизнесін дамыту керек болғанда «Даму» Қорына жүгінеді. Компанияның негізін қалаушы кәсіпкер Қор қызметімен бірнеше жылдан бері таныс.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының арқасында ол құрал-жабдықтар сатып алып, айналым қаражатын толықтырды. Несиесін 6%-бен төлейді. Айырмасын мемлекет субсидия түрінде өтеп береді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несие сомасының 85%-ына кепілдік берді.

2023 жылдың қараша айында «Baby mall pvl» ЖК Баку қаласында өткен көрмеге және 2022 жылы Астана қаласында өткен Ulttyq ónim көрмесіне қатысты.

Қазақстан, Павлодар, академик Шокин көшесі, 38

Байланыс телефоны: +7 (771) 043 18 49

Instagram: @baby_mall_pvl