Бала үшін тамаша балабақша таңдау қаншалықты қиын екенін барлық ата-ана біледі. Тәрбиеші, ұстаздары көңілден шығатын, тағамы дәмді әрі пайдалы, бала қуана баратындай жер табу оңай емес. Өздері үйде болмаған кезде балалары үйдегідей қамқорлық пен ілтипат көргенін қалайды. Кейіннен мектепте, жұмыста және қарапайым өмірде әрқашан табысқа жеткенін армандайды.
Алматы қаласындағы осындай балабақшалардың бірін Омарханова Мақпал Мұратқызы жетекшілік ететін «Ниет-7» ЖШС ашты. Компания 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпкер ашқан орталық баланың қабілетін ұштап, еркін де дара тұлға етіп дамытуды көздейді. Мұнда балалар мектеп пен гимназияға қабылдауға дайындалып шығады. Білім беру мен оқыту қазіргі білім беру стандарттарына, сондай-ақ инновациялық өз әдістері мен технологияларына сәйкес келетін бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы кәсіпкер 21,5%-бен несие алды. «Даму» Қоры оның 13,5%-ын субсидиялайды. Несие қаражатын екінші балабақша ғимаратын сатып алуға жұмсады.
Осы мемлекеттік қолдаудың арқасында компания қызмет көрсету аясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.
Инстаграм: @akniet_balabakshasy
Алматы қаласы, Ақбұлақ ы/а, Аханов к-сі, 4/6
+7-707-870-98-68