ЖК «Алимова» Павлодар қаласы мен облысында жүк тасымалдау, автокөлік жолдарын тазалау бойынша қызметтер көрсетумен айналысады.
Ботагөз Алимова бизнесін 2019 жылы бастаған. Мамандығы – бухгалтер-қаржыгер. Бұл салада кәсіп ашу идеясы қалада жаңа шағын аудандар салынып жатқан кезде пайда болды. Кірпіш, арматура, ауыр материалдарды тасымалдау, түсіру қажет. Оның үстіне бұл қызметте кәсіпкердің жұбайының мол тәжірибесі бар.
Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкер бұған дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы екі манипулятор сатып алған.
Бұл жолғы жобасын «Халық-Лизинг» АҚ қолдап, 21%-бен несие берді. Оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекеттік бағдарлама аясында Қор субсидиялайды.
Бұл көлік қала көшелерінің немесе зауыт цехтарының шектеулі кеңістігіне қажет. Олар өте сенімді және тиімді. Автокөлік жолдарын, көпірлерді, туннельдерді тазалауға ыңғайлы.
Тазарту процестері келесі түрлерге бөлінеді:
- қолмен;
- механикаландырылған;
- кешенді;
- жазғы;
- қысқы.
Кәсіпкердің айтуынша, үлкен жетістіктерге жету үшін бәсекелестік қажет. Бұл – дамуға түрткі болады. Сондай-ақ тәжірибелі жүргізушілер, бақылау, техникалық қызмет көрсету және жарнама қажет.
Байланыс телефоны: +7 (702) 4377700
Инстаграмм парақшасы: @evakuator_manipulayator_pvl