menu
Жабу

«Асыл-Ананың» нан өнімдері

Жаңалықтар
14.12.2023

Бибігүл Изабасова Алматы технологиялық университетін тамақ өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша тәмамдап, технология бакалавры атанған жан. Бұл кейіннен осы салада бизнес ашуға мүмкіндік берді.

2011 жылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, әлеуметтік нысандарды тамақтандыру секторында жұмыс істей бастады. Қазір мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр. Дамба ауылдық округінен азық-түлік дүкенін ашып, өз қаражатына «Асыл-Ана» мейрамханасын салды.

Бұрын нан пісіру және нан өнімдерін ірі зауыттар өндірсе, қазір шағын наубайханалар бұл міндетті ойдағыдай атқарып жатыр.

Шағын цехпен тоқтап қалмай, күйеуі екеуі ауданы 450 шаршы метр, тәулігіне 8 мың нан пісіретін «Асыл-Ана» наубайханасын ашуды ұйғарды. Сондай-ақ мұнда тәтті тоқаштың көптеген түрлері жасалып, бір бөлке нанның құны нарықтағыдан 5 пайызға арзан.

Жеке кәсіпкер «Избасова Б» наубайхана құрылысы бойынша жобасын «Bereke Bank» АҚ мақұлдап, жылына 21,75%-бен несие берді. «Ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жобасы» бағдарламасы аясында мемлекет 14,75%-ын субсидиялайды, ал 7% айырмасын кәсіпкер төлейді.

«Мемлекеттің нақты қолдауы наубайхана ашуға мүмкіндік берді, 125 жұмыс орнын пайда болды. Болашақта нан өнімдерінің ассортиментін кеңейтіп, жаңа жоспарлар құруды көздеп отырмыз»., - дейді кәсіпкер Бибігүл Ізбасова.

Атырау облысы, Дамба ауылы

+7 7016610510