Алакөлге келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Өйткені бұл айдын әдемі ғана емес, оның емдік қасиеті де бар. Көлдің батыс жағалауында орналасқан Ақши мен Көктұма ауылында (қазақ-қытай шекарасынан шамамен 60 км қашықтықта) көптеген демалыс орталықтары бар. Бүгін біз Ақшидегі «Quadrum» қонақ үйімен таныстырмақпыз.
Кешенді салған «KIT CONSTRUCTION» ЖШС 2017 жылан бері жұмыс істейді. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысымен айналысатын тәжірибелі компания қазір бизнестің жаңа саласы, атап айтқанда елдегі ішкі туризмді дамытуда бақ сынап жүр.
2022 жылы компания инвестиция үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Жоба 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында «Даму» қорының қолдауына ие болды, нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесінің 6% бөлігі субсидияланады, сонымен қатар жобаға Қор кепілдік берді.
«Quadrum» қонақ үйі 2023 жылы ашылды. Quadrum латын тілінен аударғанда шаршы дегенді білдіреді, ол өз атауына сәйкес келетін қонақ үй және ерекше дизайнымен келушілердің назарын аударады. Минималистік стильде салынған қонақ үй қонақтарына Алакөлдің әсем жағалауына қарайтын панорама терезелері бар, кондиционерлі бөлмелер ұсынады. Тыныштық пен таза ауа, бөлмелердегі комфорт пен жайлылық, қонақүйдің әр бұрышындағы тамаша тәртіп, дәмді тағамдар мен жақсы қызмет көрсету, қызметкерлердің ілтипаты –Quadrum-ды тек пайдалы ғана емес, ләззат алатын жерге айналдырып тұр.
Қонақ үйде 16 бөлмеден тұратын 2 қабатты 8 ғимарат, сонымен қатар террассалар мен асхана бар. Кәсіпорын екінші қонақүйдің, бассейн мен балалар ойын алаңының құрылысын бастады, бұл қонақтардың санын 100 адамға дейін арттырады.
Instagram: @quadrum_alakol
Байланыс телефоны: +7 747 266 66 92
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ырғайты а.о., Ақши а, 383